Сәнді мекен-жай

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АУДАН

«Легенда» ерекше орамы Абай даңғылының бойында Манас көшесінің қиылысында, әрбір алматылық үшін «тещин язык» деген атпен таныс аты аңызға айналған ауданға жақын маңда орналасқан. Бұл – бүгінде мегаполистің ең қарқынды ауданына айналған «көне» Алматының жүрегі.

ОҢТАЙЛЫ ОРНАЛАСУ

Бұл жерден қаланың кез-келген тұсына тез әрі оңай жетесіз, Абай даңғылын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтетін көшелер кез-келген уақытта діттеген жерге кептеліссіз жетуге мүмкіндік береді.

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЫҢҒАЙЛЫ

Автокөліксіз өмір сүргенді қалайсыз ба?

«Легендада» бұл мәселе шешілген! Себебі метроның ең жақын стансасы үйіңіздің дәл жанында, ал қоғамдық көлікке арнайы бөлінген жолақ жолдағы барлық кептелісті айналып өтуге жол ашады.

«Легенда» ерекше орамында тұратын болсаңыз экологиялық көлік – велосипед сатып алатын нағыз уақытыңыз.

ЛЕГЕНДАРНОЕ ОКРУЖЕНИЕ

ЕРЕКШЕ ОРАМ

Алматыда дәл «Легенда» ерекше орамы секілді өмір сүруге қолайлы орын табу қиын. Алматы циркі, Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайы, Әуезов драма театры, неке қию Сарайы, "Қиял әлемі" паркі – бұлар ерекше орамды қоршап тұрған әрбір алматылыққа таныс аты аңызға айналған көрнекті орындардың бір ғана бөлігі.

ӨЗІҢІЗГЕ ТАМАША ЭМОЦИЯЛАР СЫЙЛАҢЫЗ

Алматы қашанда Қазақстанның мәдени астанасы болып қала береді. «ЛЕГЕНДАға» жақын маңда орналасқан Қастеев атындағы өнер Музейі, Алматы циркі, атақты Әуезов драма театры, «Жас Сахна» камералық театры оңтүстік астананың мәдениеті мен шығармашылығымен сусындауға мүмкіндік береді.

КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫҢЫЗ

Сіз «ЛЕГЕНДАда» орналасқан өзіңіздің жеке жаттығу залыңызға бара аласыз. Жүзу, жекпе-жек немесе бимен Rakhat Fitness-те немесе Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайында айналыса аласыз.

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТЫҢЫЗ

«Легенданың» жанында көптеген балабақша, мектеп, гимназиялар бар.

БҮКІЛ ОТБАСЫҢЫЗБЕН ДЕМАЛЫҢЫЗ

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамының жеке саябағында жыл он екі ай серуендей аласыз, ал жылдың жылы мезгілінде Сіз бен Сіздің балаларыңызды ғажайып эмоциялар мен ерекше әсерге бөлейтін «Қиял әлемі» паркі, «Весоновка» өзені жағалауындағы романтикалық серуендер, «ЛЕГЕНДАдан» 5 минуттық жердегі Байзақов көшесіндегі жасыл гүл бағындағы серуен күтеді.

ҮЗДІК КИНОПРЕМЬЕРАЛАРДАН ЛӘЗЗАТ АЛЫҢЫЗ

Бірнеше қадам жерде – ең заманауи қондырғылармен жабдықталған 5 кинозал, мейрамханалар, METRO спорттық-ойын-сауық орталығы орналасқан Almaty Towers тұр.

ӨЗІҢІЗ БЕН ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ШОПИНГ-ТЕРАПИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ

«ЛЕГЕНДаның» жанында – сәнді бутиктер, тамаша кинотетар, супермаркет, сұлулық салондары, банк бөлімшелері, сауда-ойын-сауық кешені бар GLOBUS көпфункционалды орталығы орналасқан.

Архитектура

ҒАЖАЙЫП АРХИТЕКТУРА

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамының архитектурасы қаланың тарихи архитектуралық тініне үйлесімді өріліп, бойына барлық ең озық жетістіктерді сіңірген. «ЛЕГЕНДА» – жаңа орам, оған «көненің көшірмесі» ұғымы жат. Мұнда орам стильдер мен бағыттардың ондаған жылдар бойы араласуы процесінде пайда болғандай әсер пайда болады, бұл қасбеттерді жасауда да көрініс тапқан.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Әрқилы құрастырылған тұрғын үйлердің тұтас бір жүйесі заманауи орамның есте қаларлық және стильді образын туғызады.

Мономатериалдан жасалған дәстүрлі шешімдер, түрлі фактуралық құрылымдардың араласуының заманауи үдерістері, ультразаманауи геометриялық көлемдер мен витражды ендірмелер – осының барлығы архитектураны ерекше әдемі әрі тәбиғи ете түседі.

Табиғи тас, декоративті кірпіш, шынының молдығы үйлерге сыртқы эстетикалық және өзгеше әр береді.

ҒАЖАЙЫП САЯБАҚ

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамы тұжырымдамасының тағы бір маңызды тұсы – жалпы көлемді-кеңістіктік шешім. Кешеннің ортасында түрлі функцияларға толы және «ЛЕГЕНДА» тұрғындарының өмірдің рахатын өз пәтерінде ғана емес, сонымен бірге сыртында да сезінуіне жағдай жасайтын таңғажайып саябақ орналасады.

СІЗДІҢ ЖЕКЕ САЛТАНАТТЫ САЯБАҒЫҢЫЗ

СІЗДІҢ САЯБАҒЫҢЫЗДЫҢ ӘДЕМІ ЛАНДШАФТЫ

Ғажайып саябақ қоршауы – енді Сіздің күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігі болады! «ЛЕГЕНДАдағы» жылдың әр мезгілі өзіндік қайталанбас бояуға ие. Сіздің саябағыңызды әдемі ландшафты әр маусым сайын өзінің ерекше «киімін» киеді! Көктемде алмалы түсте болады, жазда түймедақ бояуына малынады, күзде алтынға оранса, қыста ақ түсті кәсей киеді – үйіңіздің дәл табалдырығындағы жеке саябағыңыздан асқан тамаша не бар!

СІЗДІҢ САЯБАҒЫҢЫЗДЫҢ ЭСТЕТИКАСЫ

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамының саябағы өзгеше эстетикаға ие. Стильді ландшафтты дизайн, сансыз субұрқақтар, бірегей мүсіндер, серуендеу аллеялары, жүгіру және велосипед жолдары, спорт және ойын алаңдары – «ЛЕГЕНДА» ерекше орамы аумағында жасалатын жайлылықтардың тек аз ғана бөлігі.